|
Әйел үстіне әйел алуды насихаттағандар жауапқа тартылатын болды
|
Өзбекстанда әйел үстіне әйел алуға қарсы жаңа жаза белгіленді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің әділет министрлігінің Телеграм арнасына жөн сілтеген Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы жарлыққа сәйкес Өзбекстанның Қылмыстық кодексі мен Әкімшілік жауапкершілік туралы кoдексіне тиісті түзетулер енгізіледі. Әйел үстіне әйел алуды насихаттағандар мен көзқарасын өзгелерге таңғандар, сондай-ақ, мұндай әрекетті мақұлдағандар 4 млн 950 сумнан 9 млн 900 мың сумға дейін айыппұл «арқалайды» немесе 15 тәулікке қамалады. Бұдан бөлек, заң талаптарына сай діни неке қимағандар да, соның ішінде кәмелет жасына толмағандардың да некесін қиғандар да жауапкершіліктен жалтара алмайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
■
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды