Нейрон желісі алғаш рет адам секілді ойлау қабілетіне ие болды
Нейрон желісі алғаш рет адам секілді ойлау қабілетіне ие болды
6 ай бұрын 722 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар нейрондық желіні адам интеллектісінің негізгі бөлігіне жататын «жүйелі композиция» қабілетіне машықтандырды. Нейрондық желі - жасанды зерденің бір түрі, енді бұл технология адамдар сияқты ұғымдарды біріктіріп, тұтас бір «панорамаға» айналдыра алады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 1980 жылдары конгнитивті қабілетті зерттеумен айналысатын кей ғалымдар нейрон желісінің сана деңгейіне көтеріле алмайтынын, дәлірегі, ақылдың моделіне айнала алмайтынын алға тартқан еді. Өйткені, оның құрылымы адамның ойлау қабілетінің негізгі ерекшелігін қайталай алмайтын еді. Алайда, бүгінде адамға тән бұл қабілетке нейрон желісі де ие болғанына куә болып, көз жеткізді. Таяудағы зерттеуде ғалымдар «dax» және «wif» ойдан шығарылған сөздерді қолданып, жасанды зерде үлгілері мен адамдардың қабілетін сынады. Бұл сөздер түсті нүктелерге немесе осы нүктелердің ретін белгілі бір ретпен басқаратын функцияға сәйкес келді. Нәтижесінде сөздер тізбегі түсті нүктелердің пайда болу ретін анықтады. Сонымен, бұл тараптағы тәжірибе барысында AI және адамдар мағынасыз фразаны ескере отырып, қандай нүктелердің сөздермен сәйкес келетінін анықтайтын негізгі «грамматикалық ережелерді» анықтауы керек болды. Бұл тәжірибеде адамдар 80% ғана дұрыс шешімін тапса, жасанды зерде үздік нәтиже көрсеткен.

0 пікір
Мұрағат