Әл-Рауд әл Шәріпке мұсылмандар жылына бір мәрте кіре алады – жаңа ереже
Әл-Рауд әл Шәріпке мұсылмандар жылына бір мәрте кіре алады – жаңа ереже
20 сағат бұрын 176 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қажылық министрлігі әл-Рауд әл-Шәріпке кіруге жаңа рұқсатты мұсылмандар Nusuk қосымшасы арқылы 365 күннен кейін ғана ала алатынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Тhe Іslamic Іnformation ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Осылайша Саудия билігінің ұйғарымы бойынша мұсылман адам қасиетті мекенге бас сұғу мүмкіндігін бір жылдан соң пайдалана алады. Бір жыл үзілістен кейін, дәлірегі, 365 күннен соң мұсылман екінші мәрте барғысы келетін болса, жаңа ереже талаптарына сәйкес Nusuk қосымша арқылы тағы рұқсат алуы тиіс.

Rawdah үшін жаңа рұқсатты қашан алуға болады?

365 күндік мерзім рұқсат берудің шарты болып белгіленді. Аталған министрлік рұқсат беру процедурасы, дәлірегі, мұсылманның киелі орынға қатысты өтінішін мақұлдау процедурасы қосымшадағы бос орындардың бар-жоғына байланысты жүзеге асырылатынын ескертті.

Жақын орналасқан келушілерге арналған жылдам бақылау қызметі көрсетіледі

Мажит ан-Набауиге (Пайғамбар мешіті) жақын орналасқан адамдар брондаудың басқа тәсілін қолданатын болады. Олар слоттарға байланысты Instant Track қызметі арқылы Rawdah сапарын брондай алады.

Әл Рауд әл Шәріп – Пайғамбар мешітіндегі Екі әлем сәруары (Алланың сәлемі мен игілігі болсын!) мен сахабалары жерленген аймақ.

 

0 пікір
Мұрағат