|
Адамды аман қалдырмайтын, миды кеміретін құрттың бір құпиясы ашылды (видео)
|
Амеба деп аталатын, милды кеміретін құрт бар. Бұл құрт адамды тірі қалдырмайды. Ғалымдар бір жасушалы микрорганизмнің тар қуыстан қалай жол салатынын анықтап, өлімге апаратын нейроинфекциясын емдеу мүмкіндігін тапқандай болды. Бұл жайында islam.kz порталы Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу Naegleria тектес амебаларға және олардың тар жерде қозғалу қабілетіне арналған. Қарапайым көлшік микроскопиялық саяхатшыларды жасыра алады, олар үшін тар жолдар - кедергі емес, шытырман оқиғаға шақыру іспетті. Ғалымдар зиянсыз амебаны зерттеп, оның қауіпті туысының адам миына қалай жететінін түсіндіретін қозғалыс ерекшеліктерін анықтады. Амеба Naegleria fowleri бактериялармен қоректенетін, жылы әрі тұшшы су қоймаларын мекендейді. Адам организіміне мұрын қуысы арқылы тап болса, ол иіс сезетін жүйке жүйесі арқылы миға өтуге қабілетті. Ол тудыратын инфекция (бастапқы амебалық менингоэнцефалит) сирек кездеседі, есесіне бұл инфециядан болатын өлім-жітім 95-97% -ға жетеді. Бұл қауіпті сапардың қыр-сыры мее нақты тетігін түсіну үшін зерттеушілер патогенділігі жоқ, яғни, дертке шалдықтыру қатері өте төмен N. Fowleri-дің зиянсыз «туысы» - Naegleria gruberi құртын зерттеді. Салыстыру үшін басқа зертханалық амебаны – Dictyostelium құртын да пайдаланды. Ғалымдар бір жасушадан тұратын нағыз кедергілер жолағын жасады. Олар микроорганизмді шыны беттерде, саңылауы бар пластиналардың арасында бар-жоғы бес микрометр, ені екі-сегіз микрометр болатын каналдарда, сондай-ақ, түбі жұмсақ лайды имитациялайтын жасанды ортада бақылаған. Нәтиже күтпеген жерден шықты: Naegleria тар саңылау алдында шегінбейтін болып шықты әрі кедергіні еңсерген. Ені сегіз микрометр болатын каналдармен байланыста ол жерге өз еркімен 65-тен 100% -ға дейінгі жасушалар кірген. Ашық жер бетінде амебалар екі тәсілмен жылжиды: мембрананың жалпақ әрі тегіс өсінділерін созды немесе блебтар деп аталатын көпіршік тәрізді дөңестерді қалыптастырды. Тар арналарда олар тек екінші қозғалыс тәсіліне көшкен. Дәл сол тұста тағы бір ерекшелігі анық байқалған: мейлінше тығыз немесе тар жерде дене белсенділігі мен қозғалыс жылдамдығы екі есе дерлік артқан. Каналдың ішіне кірген соң жасушалар іс жүзінде түзу сызықпен қозғалып, артына сирек бұрылған. Бұл ретте әлсіреген жасанды ортада олар бағыттарын еркін өзгертіп, өсімдіктердің екі түрін де пайдаланды. Алайда, барлық тәжірибе зиянсыз N. gruberi-мен жүргізілгенін секерту кету маңызды Қауiптi N. fowleri құртының дәл осылай әрекет ететiнi расталмаған. Егер ұқсастықты дәлелдеу мүмкін болса, аталмыш жаңалық амебаның ми бағытындағы осал жерлерді табуға және болашақта оның жылжу қабілетін тоқтату жолдарын әзірлеуге көмектеседі.