Әлемде алғаш рет сәбилерге қарағанда қарттар қарасы асып түсті
Әлемде алғаш рет сәбилерге қарағанда қарттар қарасы асып түсті
3 сағат бұрын 78 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлем жаңа демографиялық дәуірге аяқ басты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Axios ақпарат көзіне жөн сілтеген inbusiness.kz сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлем тарихында алғаш рет жасы 65 және одан жоғары қаттар қарасы бес жасқа дейінгі балалар санынан асты. Мұндай бетбұрыс жаһандық еңбек нарығын, экономиканы, әлеуметтік қолдау жүйесін түбегейлі өзгертетін болады. Америка құрама штаттарының халық санағы бюросының дерегіне сәйкес ғұмырдың ұзаруымен бір мезгілде туу көрсеткішінің жаһандық төмендеуі біртіндеп «демографиялық инверсияға» алып келді. 2010 жылы нөлден бес жасқа дейінгі балалар әлем халқының шамамен 11% -ын, ал 65 жастан асқан адамдар шамамен 8% -ын құраған. Алдағы он жылда алшақтық тек ұлғаяды болады. 2023 жылы адамзаттың көп бөлігі, дәлірегі, 71% -дан астамы туу көрсеткіші халықтың өсімін молайту көрсеткішінен төмен болған елдерде тұрды - бір әйелге шамамен 2,1 баладан келген. Он жыл бұрын мұндай елдер саны едәуір аз болатын - оларға әлем халқының 45% жуығы тиесілі болатын. Бала туу көрсеткішінің төмендігі тек бай мемлекеттерге тән дағдарыс болудан әлдеқашан қалған. Халық өсімінің қалпына келу деңгейінен Қытай мен Үндістан көрсеткіштері де төмендеді, ал соңғы он жылда мұндай демографиялық өзгерісті халық саны көп Бангладеш, Мексика және Вьетнам елдері де бастан өткеруде. Болжам бойынша 2060 жылға қарай планетаның 65 жастан асқан тұрғындары саны 852 млн-нан 2 млрд адамға дейін артады. Бұл ретте әлем халқының жалпы саны осы кезеңде 8,13 млрд-тан 10,23 млрд-қа дейін өседі. Азия аймағында 65 жастан асқан адамдар саны 2025 жылғы 487 млн-нан 2060 жылға қарай 1,24 млрд-қа дейін артуы мүмкін - Азияға осы жас тобының әлемдік өсімінің шамамен үштен екісі келеді. Бұл ретте Африка әлемнің ең жас өңірі мәртебесін сақтап қалады, алайд,а онда да егде жастағы халық тез көбейеді. Болжам бойынша 65 жастан асқан тұрғындар саны төрт еседен астамға өседі - 60 млн-нан 249 млн адамға дейін, 2060 жылға қарай Еуропаның осындай көрсеткішінен асып түседі. Сарапшылар жас құрылымының өзгеруі зейнетақы жүйелері, денсаулық сақтау және еңбек нарығы үшін елеулі қауіп төндіретінін ескертеді. Егде жастағы адамдар санының өсуі қарттарды күтетін қызметкерлер мен білікті мамандарды қолдауды қажет етеді.

0 пікір
Мұрағат