|
Жарғанат секілді бұтаққа жабыса алатын дрон құрастырылды (видео)
|
Бұтақты қармағаннан кейін аппарат қозғалтқышын сөндіріп, ұшқанша қоспайды. Осылайша әуеде қалықтап тұруға кететін энергияны үнемдай алады. Бұл жайында islam.kz порталы npj Robotics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нидерландыдағы Делфт техникалық университетінің ғалымдары сенсор көмегімен қонуға лайықты орын таба алатын дронды құрастырды. Тек камераға ғана сүйенудің орнына аппарат бұтақты арнайы үш саусақты «қолмен» анықтайды және оған берік жабысады. Мұндай тәсіл камерамен шолу аясы шектеулі жерде қажет болады. Мысалы, қалың орманда манипулятордың тармақтары мен элементтері аппараттың іздеген қолайлы бұтақты көлегейлеуі мүмкін. Бір қол іліктіргеннен кейін ол қозғалтқыштарды сөндіреді және ұшуға қажетті энергияны текке жұмсамай, бұтаққа ілініп тұрады.
Дрон бұтақты қалай іздейді
Дрон бұтақтың орналасқан орнын шамамен қонуға қолайлы жағынан бағалаудан бастайды және оған бірден қонбайды. Алдымен аппарат бір уақытта саусақтарын ашып және жауып, траектория бойынша іздестіру маневрін орындайды
Алғашқы жанасқанында бұтақтың қонуға қолайлы ма әлде қолайсыз ба, осы туралы ақпарат алады. Содан кейін дрон өзінің бұтақтың ерекшелігіне қарай бейімдейді және датчиктер барлық үш саусақтарында тұрақты байланыс орнатқанға дейін бұрылады. Егер бұтаққа жармасу операциясы сәтсіз аяқталса, аппарат қауіпсіз аймаққа дейін аулық кетеді және қону әрекетін қайталайды.
Ұшқышсыз ұшатын аппараттың манипуляторы немесе қармауышы адам қолына ұқсайды. Оның үш саусағы бар, әрқайсысы үш фалангадан, яғни, жеке сегменттерден тұрады. Саусақтар торсиялық серіппелердің көмегімен жабылады, сондықтан бұтақты ұстап қалу үшін энергия қажет емес. Әрбір саусақты жеке сым жіп ашады. Саусақтардың беткі жағы бұтақты қармау қабілетін арттыратын, әртүрлі нысандар мен фактуралардың объектілерін ұстауға мүмкіндік беретін жұмсақ силикон жапсырмалармен жабдықталған. Әрбір фаланга тактилді бергішпен жабдықталған. Силикон бетінің астында мыс электрод бар, ол жанасуға әсер етеді. Датчиктің өзі тек контактінің бар екенін хабарлайды. Алайда, дрон өз қолының геометриясы мен жағдайын біледі, сондықтан бірнеше жанасу арқылы бұтақтың қайда және қалай орналасқанын анықтай алады.
Сезіну (кері байланыс) зарядты үнемдеуге көмектеседі
Бұл бағыттағы сынақ нәтижесі көрсеткендей, бірегей жүйе бұтақтың орналасқан жағдайын, көлемін, бедерін және бағдарын бастапқы кездегі бағалауда кеткен қателіктерге қарамастан жұмыс қабілеттілігін сақтайды. Көруге ғана негізделген стратегия осындай жағдайларда сенімділігін тез жоғалтады. Қонғаннан кейін дрон қозғалтқыштарды өшіріп, бұтақты тірек ретінде пайдалана алады. Бұл қоршаған ортаны ұзақ бақылау кезінде зарядты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Әзірлеушілердің пайымдауынша, технология ағаштардың ұшар басында, күрделі өнеркәсіптік құрылымдар арасында және камералар үнемі сенімді ақпарат бермейтін басқа жерлерде жұмыс істеуге жарамды.