Әлемде алғашқы жылу қоймасы ашылды
Әлемде алғашқы жылу қоймасы ашылды
1 жыл бұрын 1033 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Израилдің Brenmiller Energy компаниясы елдің оңтүстігінде инновациялық жылу энергиясын сақтауға арналған инновациялық қондырғыны коммерциялық мақсатта өндіретін әлемдегі алғашқы кәсіпорынның іске қосылғанын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш компания «жылу сақтау технологиясына негізделген бірегей энергия үнемдеу шешімдерін» құруды мақсат етеді. Brenmiller Energy жылу энергиясын үнемдеудің тиімді жолдарын әзірлеуде жаһандық көшбасшы болып табылады және қазірдің өзінде Италияда, Бразилияда және АҚШ-та ауқымды жобаларды жүзеге асырды және бүгінде олар өздерінің отаны - Израилде қондырғыларын іске қосуға дайындалуда. Brenmiller Energy компаниясының Израилдің оңтүстігінде жұмыс істейтін жаңа қондырғысы 2023 жылдың соңына қарай ондаған жұмысшыны жұмыспен қамтып, жылына төрт гигаватт-сағатқа қуат бермек. Бұл көрсеткіш жылу энергиясын сақтау бойынша жаңа рекорд орнатады. Компания Еуропалық Одақтан қомақты қаржы алып, Израилде ең жоғары стандарттарға сай осы заманғы озық құралдармен жабдықталған өзінің негізгі өндірістік орталығын салып жатыр. Компанияның жылу сақтау жүйесі нарықтағы ең тиімдісі және таза энергияны қамтамасыз етіп, планетаның ластану деңгейін көп төмендетуге көмектеседі. Brenmiller жүйесі энергияны жылу түрінде сақтау үшін өте жоғары температураға жететін қиыршық тасты пайдаланады. Бұл технология түрлі салалардың, соның ішінде энергетика, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, тіпті, ауыл шаруашылығының энергия қажеттілігін өтеуде көп көмектеседі. Бұл жүйенің тағы бір артықшылығына қомақты инвестицияны қажет етпейтіні, сондай-ақ, инфрақұрылымға оңай кіріктіруге болатындығы жатады. Аталған жүйе энергияны түрлі көздерден алады, оны жылу энергиясына түрлендіреді және энергияға деген қажеттіліктерді ұдайы қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар, энергия өндірісіне қатысты жүктемені (жылу, өндіріс, т.б. байланысты өндірілетін энергия өндірісіне түсетін салмақты) азайтады және ең жоғары сұранысты қанағаттандырады. Осылайша, энергия үнемделеді, электр энергиясын, газды және отынды пайдаланудағы үлкен шығынға жол бермейді, энергия тиімділігі артады.

0 пікір
Мұрағат