Әлемде алғаш рет өсімдікті тозаңдандыратын бақа табылды (видео)
Әлемде алғаш рет өсімдікті тозаңдандыратын бақа табылды (видео)
12 ай бұрын 1467 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бразил ғалымдары Xenohyla truncata бақасының өсімдікті тозаңдандыра алатынын анықтады. Осылайша әлемде мұндай қабілетке ие алғашқы қосмекенді табылды. Бұл жайында islam.kz порталы Science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Амфибия Рио-де-Жанейро штаты аумағындағы жағалауда орын тепкен орман-тоғайдан табылған. Ол еуропалық тұқымдасына ұқсас. Xenohyla truncata каимито (жұлдызды алма) ағашының жемісімен және шырынымен қоректенеді. Бақаның аталған ағаштың тұқымын тарататыны бұрыннан белгілі. Қазіргі уақытта биологтар бұл қосмекендінің ылғалды терісі ағаштың гүлдену кезеңінде тозаңмен көмкерілетінін (тозаңмен жабылатынын) байқады. Бақа бір гүлден екінші гүлге ауысып, оларды жотасына жабысқан титтей тұқымдармен тозаңдандырады. Ғалымдар бұл құбылысты «қосмекенділер мен өсімдіктер арасындағы қарым-қатынастың белгісіз формасының бірегей үлгісі» деп санайды. Осы уақытқа дейін өсімдікті тек жәндіктер мен құстардың белгілі бір түрлері ғана тозаңдандырады деп есептеп келген еді.

0 пікір
Мұрағат