|
Әлемде тұңғыш рет қажылық үшін ақша төлейтін ел пайда болды
|
Саудиядағы жұмысшылар елдің еңбек заңнамасында қарастырылған талаптарға сай келуі үшін екі жыл еңбек өтілі болуы тиіс. Бұл жайында islam.kz порталы The Islamic Information ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған араб елінің адам ресурсы және әлеуметтік даму министрлігі елдегі жұмысшылардың қажылық парызын өтеуі үшін ерекше жағдай жасайтын болады. Дәлірегі, қажылыққа баратындарға ақылы еңбек демалысын тағайындайтын ережені бекітті. Еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлер қажылық етуі үшін бұрын қажылық жасамаған болуы тиіс және қазіргі жұмыс берушіде кемінде екі жыл қатарынан қызмет еткен жағдайда қызмет мерзімі ішінде бір рет ақылы демалыс ала алады. Аталмыш министрлік қажылыққа арналған демалыс 10 күннен кем болмауы және 15 күннен аспайтын уақытқа созылуы тиіс, деп мәлімдеді. Демалыс күндерінің ақшасы толық төленеді және ереже Сауд Арабиясының азаматтарына да, жекеменшік секторда жұмыс істейтін шетелдік қызметкерлеріне де қолданылады. Демалыс заңды құқық боғанымен, жұмыс берушілер бір мезгілде барлық өтінішті мақұлдауға міндетті емес. Министрлік атап өткендей, жұмыс берушілер қажылық үшін жылына қанша қызметкер демалыс алатынын бизнестің қажеттілігіне қарай шешуге құқылы. Артықшылықты тек бір рет пайдалануға болады. Регламент бұрын қажылық жасамаған қызметкерлерге ғана қолданылады. Бұрын қажылық жасаған қызметкерлердің ақылы демалыс алуға құқығы жоқ.