Әлемдегі аса ірі, тәуелсіз қор Изриалдің бес банкісінен өз активтерін шығаратын болды – этикаға сай келмейтіні үшін
Әлемдегі аса ірі, тәуелсіз қор Изриалдің бес банкісінен өз активтерін шығаратын болды – этикаға сай келмейтіні үшін
19 сағат бұрын 158 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Суретте Norges Bank Investment Management ғимараты - қор басқармасы

Әлемдегі ең ірі тәуелсіз қор саналатын Норвегияның ұлттық әл-ауқат қоры (Government Pension Fund Global) израилдік бес банктегі өз активтерін сатуға шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған бес банктен, атап айтқанда, First International Bank of Israel, FIBI Holdings, Bank Leumi, Mizrahi Tefahot Bank және Bank Hapoalim банктерінен шығарылатын қаражаттың жалпы сомасы шамамен 661 миллион долларға бағаланады. Ресми себеп ретінде бұл қаржы мекемелерінің «соғыс және қақтығыс жағдайларында адамдардың құқықтарының елеулі түрде бұзылуына» ықпал еткені айтылған. Аталмыш қордың этика жөніндегі кеңесі банктердің Иордан өзенінің батыс жағалауында заңсыз израилдік қоныстарды салуға қажетті шарттарді - қызметтерді ұсынғанын мәлімдеді. Бұл шешім неғұрлым кең этикалық тексерудің бір бөлігіне айналды. Бұдан бұрын қор, сондай-ақ, этика жөніндегі кеңес Израил билігінің Газа секторындағы және Иордан өзенінің батыс жағалауындағы палестиналық меншікке қол сұғу үшін пайдаланылған Caterpillar америкалық компаниясынан инвестициясын кері қайтарып алатынын жариялаған болатын. Норвегиялық қор өз салымдарының ел парламенті белгілеген этикалық нормаларға сәйкестігін үнемі тексеріп отырады.

0 пікір
Мұрағат