Уақытты Жердің айналу жылдамдығымен байланыстырып белгілемейтін болды
Уақытты Жердің айналу жылдамдығымен байланыстырып белгілемейтін болды
19 сағат бұрын 186 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өлшемдер мен салмақтарға қатысты алқалы жиын қиғаш секундты (қиғаш секунд - 1972 жылдан бері астрономиялық уақытпен (UT1) синхрондау үшін дүниежүзілік үйлестірілген уақытқа (UTC) қосылған қосымша секунд) қолданыстан алып тастауға дауыс берді. Атом және жер уақытын енді бірнеше ғасырда бір мәрте үйлестіріледі, яғни, бірден бір сағатқа түзететін болады. Бұл жайында islam.kz порталы Scientific American ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазан айының 15-де Париж қаласындағы 28-ші отырыста Өлшемдер мен салмақтар жөніндегі бас конференцияда осындай шешім қабылданды. Секундтық түзетулердің орнына тұтас сағат енгізіледі. Жаңа ереже 2027 жылдың мамыр айының 20-ы күні - Дүниежүзілік метрология күні күшіне енеді. 1972 жылдан бастап UTC-ге 27 секунд қосылды: атом сағаты Жердің айналуына бейімделді, ол біртіндеп баяулайды. Енді UTC мен ғаламшардың айналуына (UT1) байланған уақыт арасындағы рұқсат етілген айырмашылық 1 сағатқа дейін, яғни, 3600 с дейін кеңейтіледі. Nature дерегі бойынша уақыт шкаласы ғасырлар мен мың жыл бойы өзгеріссіз қалады. Қарар көпшілік дауыспен қабылданды, алайда, бірауыздан емес. Секундтық түзетулер цифрлық жүйелерге бұрыннан қиындықтар туғызып келеді: секунд қосылған күндері сағат тілінде іркілістер пайда болады. Бір сағатқа ауысу мұндай қателер мен сервистердің істен шығу қаупін төмендетеді. Соңғы уақытта Жердің жылдам айналуы да осындай шешім қабылдауға итермеледі.

0 пікір
Мұрағат