Әлемдегі ең дәулетті қала аталды
Әлемдегі ең дәулетті қала аталды
1 жыл бұрын 1150 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Thomas Habr / Unsplash

Нью-Йорк мегаполисі биыл, яғни, 2023 жылы әлем бойынша ең дәулеті шалқыған қалалардың арасында көш бастады. Өйткені, аталған алып шаһарда миллионерлер қарасы әлемнің өзге қалаларына қарағанда әлдеқайда көп – 340 мыңнан асады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Henley & Partners және New World Wealth компаниялары келтірген дерекке жөн сілтеген «Известия» мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал бұл тізімде екінші орыннан күншығыс елінің астанасы – Токио қаласы көрінген (290,3 мың миллионер. Үшінші орынға Сан-Франциско (АҚШ) жайғасқан – 285 мың миллионер. Төртінші орынға Лондон табан тіреген – 258 мың миллионер. Осы алғашқы бестікті Сингапур тұйықтаған – 240,1 мың миллионер. Сондай-ақ, алғашқы ондыққа Лос-Анджелес (205,4 мың миллиардер), Гонконг (129,5 мың), Бейжің (128,2 мың), Шанхай (127,2 мың) және Сидней (126,9 мың) кіреді. Өткен жылы (2022 жылы) Нью-Йорк ең бай қалалар тізімінде де бірінші орынды иеленді. Токио екінші орында, ал Сан-Франциско үшінші орында қалды. Лондон мен Сингапур  биылғыдай төртінші және бесінші орындарды сақтап қалған болатын.

0 пікір
Мұрағат