ИТАЛИЯДА ҚҰСТЫҢ 16 ТҮРІ ЖОЙЫЛЫП КЕТУІ МҮМКІН
ИТАЛИЯДА ҚҰСТЫҢ 16 ТҮРІ ЖОЙЫЛЫП КЕТУІ МҮМКІН
1 жыл бұрын 714 24.kz Авторлары: Жұлдыз Атагельдиева, Сандуғаш Байгуаныш

Оның бірнеше себебі бар. Қазіргі таңда табиғат жанашырлары құстарды қорғау үшін жаңа жобаларды қолға алып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жерорта теңізі маңындағы елдерде жыл сайын 25 млн құс заңсыз өлтіріледі. Олардың арасында Қызыл кітапқа енгендері қаншама. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін Италиядағы Ористано шығанағында теңіз жәндіктерінің қабыршақтарынан жасанды арал пайда болды. Мұнда не жыртқыштар, не аңшылар жоқ. Сондықтан құстар көші-қон кезінде қауіпсіз тұрақтай алады.   

Алессио Сатта, эколог: - Жоба теңіз жәндіктерінің қалдықтарын қайта өңдеу негізінде жасалған. Мұнымен Сардиния аралындағы фермерлер айналысады. Біз қазір жоба аясын кеңейту жағын қолға алдық.

Жасанды аралдың ұзындығы 20, ал ені 7 метр шамасында. Ол үшін Сардиния аралынының таңдалуы бекер емес. Өйткені, ол Еуропа мен Африканың ортасында орналасқан. Демек бұл мекенді жыл құстарының аялдамасы деуге болады.    

Алессио Сатта, эколог:  - Бұл аралға қайта өңделген қабыршақтардың 2 мың қабы кетті. Сөйтіп, бірнеше айдан кейін мұнда құстар ұя салып жатыр. Арасында Қызық кітапқа енген қанаттылар да бар.

Кейбір елдерде құс аулау дәстүрге айналған. Мәселен, осы Италияға жақын орналасқан Мальтада тиісті маусым 9 айға жалғасады. Бұл Еуропаның өзге елдерімен салыстырғанда 3 есе ұзақ. 

 

 

0 пікір
Мұрағат