Болашақтың дисплейі жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
Болашақтың дисплейі жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
1 жыл бұрын 1235 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

OLED-экраны бастапқы көлемінен екі есеге ұлғая алады, соған қарамастан оның сипаты мен сапасы өзгеріссіз қалады. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Tom's Hardware веб-сайтының (интернет басылымның) дерегінше, ол ғалымдар зертханада әзірлеген жаңа материалдан жасалған. Өзге де ұқсас түрлеріне қарағанда ол әлдеқайда икемді әрі созылады. OLED-экранының жасалу процесін бірнеше кезеңге бөлуге болады. Алғашында ғалымдар компьютермен жұмыс істеді. Олар икемді электролюминесцентті полимерлердің түрлі жағдайларда қалай әрекет ететінін біліп алды. Бұл тараптағы есеп негізінде ең тиімді «термикалық тұрғыдан белсендірілетін, баяулатлатын флуоресценцияға» ие жұмыс істейтін прототипі жасалды. Зерттеушілердің пікірінше, бұл параметр әдеттегі коммерциялық OLED технологияларымен бәсекеге қабілетті материалдарды жасау үшін өте маңызды. 100% созылған кезде TADF полимерлерінің жарық шығару қуаты тұрақты болып қалады.

0 пікір
Мұрағат