|
Әлемнің ең биік шыңынан қып-қызыл пайда тауып, қызығын көрген ел аталды
|
Непал үкіметі осы көктемде Эверестке көтерілу ақысынан 10 миллиард корей вонынан астам табыс тапты. Осылайга аталған шыңға шығуға рұқсат берілгеннен бергі ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген. Бұл жайында islam.kz порталы The Chosun ilbo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. AFP және басқа да басылымдардың деректері бойынша Непалдың туристік басқармасы осы жылдың наурыз айынан мамырға дейін 30 шыңға өрмелеуге 1 157 рұқсат берген, соның ішінде 495 рұқсат Эверестке берілген. Непал орман басқармасының мәліметтері үкіметтің Эверестке көтерілу үшін алынатын алымдардан ғана 1,07 миллиард Непал рупиясы (шамамен 10,88 миллиард корей воны) табыс тапқанын көрсетті. Сондай-ақ, Эверест шыңына бір күнде жеткен альпинистер саны бойынша рекорд орнатылды. Kathmandu Post мерзімді басылымы мамырдың 20-ы күні 274 адам шыңға шыққанын хабарлады. Ал 2019 жылғы мамырда Непал тарапынан 223 альпинист шыңға шыққан. Осы маусымда Эверестке өрмелеуге берілген 495 рұқсат иелерінің арасында 55 елден келген альпинист бар. Қытай альпинистері - 109, одан кейінгі орында - 77 америкалық пен 61 үндістандық бар. Эверест шыңына шығуға берілетін рұқсат процедурасынан түсетін табыстың артуының тағы бір себебіне Непалда төлемнің артуын жатқызуға болады. Өткен жылдың қаңтарында үкімет шетелдік альпинистер үшін алым мөлшерін11 000 доллардан 15 000 долларға дейін көтерген болатын. Экспедицияға және сақтандыруға арналған шығыстарды ескермегенде. Салыстыру үшін алсақ, Непал азаматтары бар болғаны 150 000 рупий төлейді. Непалдың ең ірі альпинистік компанияларының бірі Seven Summit Treks компаниясының жетекшісі Мингма Шерпа: «Тікұшақтар мен сыйлықақы қызметтерін пайдаланатын шетелдік альпинистер өздерінің экспедициялары кезінде кейде 20 миллион рупиді ойланбай жұмсайтынын» мәлімдеді. Қытай-Тибет бағытының жабылуы да Непалдың оңтүстік бағыты бойынша альпинистердің келуіне ықпал етті.