|
Алжир Францияның отарлау кезіндегі қылмыстарының цифрлы картасын жасауға кірісті
|
Алжир араб елдері арасында отаршылдықтың ең ауыр зардабын тартқан халық: геноцид, атом сынағы, т.б. Тіпті, отаршылдықтың ауыр салдарынан әлі күнге құтылған емес. Бұл жайында islam.kz порталы The New Arab ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұрпақ тарихтан сабақ алуы үшін әрі отаршылдықтың қандай зардабы болатынын әйгілеу үшін Францияның отарлау кезіндегі қылмыстарын жіпке тізген цифрлы картасын іске қосты. Аталмыш жобаға ақпараттар ұдайы қосылатын болады – отаршылдыққа қатысты тың деректер табылған сайын. Бұл жоба, сонымен қатар, халықаралық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Басқыншылық саясатты тежеу үшін. Бастаманы аталған араб елінің қоршаған ортаға жауапты министрлігі жүзеге асырып жатыр. Бұл жоба, сондай-ақ, Алжирдің Франциядан азаттық алғанына 64 жыл толуына орай қолға алынып отыр,. 1830-1847 жылдары аралағында Франция Алжирді жаулап алу саясатын белсенді жүргізді. Цифрлы картада француз әскерилерінің улы газ шашатын бомба тастаған жерлері мен атом қаруын сынау кезінде радиоактивті заттармен ластанған жерлер көрсетілген. Қоршаған ортаны қорғау министрі Кәусар Крик цифрлы карта әр жаңа мәлімет жүктелген сайын жаңартылып отыратынын мәлімдеді. Алжирдің тарихи жады комитетінің үйлестірушісі атап өткендей, жоба отарлық қылмыстардың экологиялық мұрасын және олардың адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің өміріне және жалпы экожүйеге әсерін құжаттауға зор үлес қосады. Халық қарсылығын зерттеу ұлттық орталығының директоры Хұсейн Әбдісаттардың айтуынша, Францияның Алжир экологиясына қарсы колониялық қылмыстарына химиялық және ядролық қаруды пайдаланғаннан кейін жергілікті жердің зақымдануы, аумақты миналау және табиғи ресурстарды тонау жатады.