|
Алжирде Африкадағы ең ұзын теміржол көпірі аяқталып қалды
|
Алжир аумағындағы Африка құрлығы бойынша ең ұзын теміржол көпірінің құрылысының аяқталу мерзімі айтылды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде «Африка бастамасы» агенттігіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған араб елінің мемлекеттік теміржол басқармасы Башардағы көпір құрылысының келесі жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілетінін хабарлады. Қазірге шейін теміржол көпір құрлысының 78%-ы біткен. Башар – Тиндуф – Қара-Жабылат теміржол желісінің ұзындығы 4,1 шақырымнан асады. Бұл теміржолмен темір кені тасымалданатын болады. Алжирдің оңтүстік-батыс аймағындағы Сахара шөлінде орналасқан Қара-Жабылат кеніші әлемдегі ең ірі темір кеніші саналады. Оның қоры 3,5 млрд тоннаға жетеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Өз-өзін тыңайтатын өсімдік өсірудің жолы табылды
■
Алпауыт елдің биылғы доктринасы: тек күштілеріне көмектесу
■
Қытай алғаш рет жаңғыртпалы энергия көздерінің есебінен электр энергиясына деген жаңа қажеттіліктің орнын толтырды
■
Жыл соңына дейін исламдық ипотека ашылмақ
■
ITS исламдық ITS Shariah индексінің қайта теңгеруін жүргізді