|
Америкалық дәрігерлер өздерін эфтаназия процедурасына тартқаны үшін сотқа жүгінді
|
Иллинойстағы мұсылман дәрігерлері медицина қызметкерлерін эфтаназия процедурасына тартуға қарсы шықты. Бұл жайында islam.kz порталы rtvi.us ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Олар осы жылы күшіне енген, штат дәрігерлеріне аурудың терминалдық сатысындағы науқастарға өлім дәрісін жазып беруін ұйғаратын End-of-Life Options Act («Өмірден шығу нұсқалары туралы заң») құжатының ережелерін даулайтын талап-арыз берді Төрт дәрігер атынан талап-арызды Becket коммерциялық емес заң ұйымы берді. Талапкерлер беті бері қарамайтын, өмір сүруден күдерін үзген науқастың өз өмірін үзу туралы шешімінің ажал процедурасын жүзеге асыруға жеткілікті негіз бола алмайды, деп санайды әрі ережемен келіспейді. Соған қарамастан ереже дәрігерлердің, соның ішінде діни сеніміне қайшы келсе де дәрігердің осындай процедураға қатысуын талап етеді. Атап айтқанда, дәрігерлер пациенттердің өмірін тоқтату мүмкіндігі туралы хабарлауға, өлім дәрісін алу үшін қажетті жағдайларды орындауға жәрдемдесуге, ал қажет болған жағдайда оларды осындай қызмет көрсетуге дайын басқа мамандарға жіберуге міндетті. Сондай-ақ, талапкерлер заңның медицина қызметкерлерінің эфтаназияға қарсы ашық пікірін білдіру және адам өмірінің құндылығын қорғау мүмкіндігін шектейтінін атап өтті. Ол ол ма, сорақысы - дәрігерлер мен медбикелер пациентті өмір үшін күрестен бас тартпауға көндіргені үшін жазалануы мүмкін. Талапкерлер мұндай процедура америкалықтар туралы заңды (Americans with Disabilities Act) және конституцияның заң алдындағы теңдік пен федералдық құқық үстемдігі туралы ережелерін бұзады, деп есептейді. "Олар [дәрігерлер] дағдарыстармен, ауыр диагноздармен және қорқынышты белгісіздікпен бетпе-бет келген пациенттермен жұмыс істейді. Мұндай сәттерде дәрігерлер пациенттерді емдеуге және оларға барынша қадір-қасиетпен қарауға тырысады. Талапкерлер кейбір адамдардың өмірін жалғастырудың қажеті жоқ, ал күрестен бас тарту жалғыз жол болып табылады деген жалған ұғымға қарсы тұруды өздерінің борышы деп санайды", - делінген мәлімдемеде. Дәрігерлер соттан өздерінің діни сенімдеріне сәйкес пациенттерді емдеуді жалғастыру құқығын қорғауды, сондай-ақ, науқастарды аурудың барлық кезеңдерінде пациенттерді емдеу мен қолдауды өздерінің кәсіби міндеті деп санайтын мамандарды таңдау құқығын қорғауды сұрайды. Бұған дейін осындай талап екі католиктік медициналық мекемелердің мүддесі үшін берілген - Carmelite Sisters for the Aged және Infirm v.Prince.