|
АҚШ артық салмағы бар шетелдіктерге виза бермейтін болды
|
Ақ үй қожайыны Доналд Трамп семіз, шетелдік азаматтарға Америка құрама штаттарының аумағынa кіргізбеуге пәрмен берді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Daily Mail мерзімді басылымына жөн сілтеген YeniSafak ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ мемлекеттік департаментінің жаңа нұсқаулығы төңірегінде дау-дамай өршіп барады. Тілшілер анықтағандай, әлемнің әр түкпіріндегі АҚШ елшіліктеріне артық салмақтан зардап шегетін шетел азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтату туралы мағлұмдама жөнелтілген. Себеп – ондай адамдар АҚШ-тың денсаулық сақтау саласына салмақ түсіретін ауруды таратуы мүмкін. Бұдан бөлек, егде жастағылар да назардан тыс қалмайды. АҚШ-қа сапар жасайтын шетелдіктерге алдын ала медициналық тексеруден өтуге мәжбүрлеуде. Егер медициналық картасында ауру түрлері көп тіркелсе, оған АҚШ-қа жол жабылады. Артық салмақтың саяхаттауға кедергі келтіретін мұндай процедураны елшіліктер жеке қарайды. Яғни, артық салмағы бар адамдардың тағдыры елшілердің қолында. Бұған қоса, мемлекеттік департамент елшіліктерден АҚШ-қа келгісі келетін артық салмағы бар шетелдік азаматтардың қаржылық ресурсына да мән беруді талап етуде: АҚШ аумағында денсаулығы сыр бергенде ем-домынаа өз қалтасынан төлейтіндей қаражаты болуы тиіс.