|
АҚШ әскери-әуе күштері дрондар тобына қарсы микротолқынды мылтықты сынақтан сәтті өткізді (видео)
|
АҚШ әскери-әуе күштері дрондар тобына қарсы жедел тойтарыс бере алатын тактикалық, жоғары қуатты, оперативті (Tactical High-power Operational Responder, THOR) микротолқынды мылтығын сынақтан сәтті өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы The Drive ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нью-Мексико штаты аумағындағы Киртланд әскери базасында өткен сынақ барысында мұндай технологияның нақты жағдайдағы тиімділігі дәлелденді. Микротолқынды мылтық бір мезетте бірнеше дронды насанаға алып, олардың электронды жүйелерін қыздыру арқылы өшірген. Сынақ аясында THOR ұстай алған дрондардың жалпы саны туралы ақпарат айтылмады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды