Ашығу сезімі қартаю процесін бәсеңдететін болып шықты
Ашығу сезімі қартаю процесін бәсеңдететін болып шықты
12 ай бұрын 750 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мичиган университетінің ғалымдары аштық сезімінің қартаю процесін бәсеңдететінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы тәжірибе барысында ғалымдар шыбындардың рационындағы тармақталған тізбекті аминқышқылдарының (BCAA) үлесін азайту арқылы оларды ашықтырып көрген екен. Аталған жәндіктер аштықтың көрсеткіші болып табылатын қанттан ашытқыны артық көрді және құрамында BCAA деңгейі жоғары диетаны ұстанатын шыбындарға қарағанда айтарлықтай ұзағырақ өмір сүрді. Зерттеушілер, сонымен қатар, оптогенетика деп аталатын тәсілді қолдана отырып, қызыл жарықпен шыбындардағы аштыққа байланысты нейрондарды белсендірді. Бұл жәндіктер жарық тітіркендіргішіне ұшырамаған шыбындарға қарағанда екі есе көп қорек тұтынған. Дегенмен, бұл шыбындар да айтарлықтай ұзағырақ өмір сүрді.

0 пікір
Мұрағат