|
АҚШ сарбазы сақалы үшін соттасты
|
АҚШ-тағы мұсылмандардың құқық қорғау ұйымы Калифорнияның бұрынғы әскери қызметкері атынан Америка билігін сотқа берді. Бұл жайында SFGate ақпарат көзі хабар таратты. АҚШ-тың әскери теңіз күштерінде борышын өтеп жүрген Джонатан Бертс деген сарбаз діни кемсітушілікке ұшыраған болатын. Нақтырақ айтқанда, исламды қабылдаған Джонатан Бертс 2001 жылы басшылыққа сақал қоюды сұрап, өтініш түсірген екен. Алайда, басшылық оның бұл өтінішін қанағаттандырмаған. Кейін Пентагон діни азшылықтан әскер қатарына келгендердің сырт келбетіне қатысты саясатын жұмсартқан да болатын. Алайда, Джонатан Бертс үшін мұның еш мәні қалмаған: оның шенін төмендетіп, қара жұмысқа жегіп үлгерген еді. Америка-Ислам қатынасы жөніндегі кеңес осыған байланысты шағым түсірді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
■
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды