|
АҚШ-та ақыл-есі ауытқыған адамдар жазаланып жатыр
|
Amnesty International құқық қорғау ұйымының өкілдері хабарлағандай, АҚШ билігі өлім жазасын психикалық ауытқушылыққа ұшырағандарға да қолданып, халықаралық-гуманитарлық заңды белден басып отыр.
Егер аталмыш ұйымның құқық қорғаушыларына сенсек, АҚШ-та психиканың аса ауыр түрімен сырқатанаттын қылмыскерлерге сеспей қатыратын өлім иньекциясын егуде. Мәселе, құқық қорғаушы Одри Гофранның айтуынша, Флорида штатында үстіміздегі жылдың қаңтар айының бас кезінде 1980 жылы адам қанын мойнына жүктеген Асқари Абдулла Мұхаммедке өлім иньекциясы егілген. Өлім жазасына кесілген қылмыскердің параноидальды шизофрениямен ауыратынын ескермеген. Сондай-ақ, ол аталмыш штатта психикалық ауытқушылыққа ұшыраған Фрэнк Уоллз мен Майкл Зэктің өлім жазасына кесілгеніне алаңдаушылық білдіріп отыр. Ақыл-есі ауысқан адамдарға өлім жазасына кесу оқиғалары да Пәкістан Мен Жапонияда да тіркелген көрінеді. АҚШ конституциясының сегізінші рет енгізілген түзетуге сәйкес ақыл-есі ауысқандарға өлім жазасын кесуге шектеу қойылған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды