|
АҚШ-та тоғыз мың баррель мұнай теңізге төгілді (видео)
|
АҚШ-тың Хьюстон қаласына жақын жерде екі баржа мен танкер соқтығысып, суға 9 мың баррель мұнай төгілді, - деп хабарлайды tengrinews.kz ақпарат ңөзі Хабар 24 арнасына сілтеме жасай отырып. Оқиға теңіз айлағына жақын жерде болды. Танкер мұнай тиелген баржаларды қағып өтіп, оның бірінің бүйірі тесіліп қалған. Кемелердің соқтығысуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір төтенше жағдайлар қызметі апаттың салдарымен күресіп жатыр. Шикізат теңізге әлі ағып жатыр. Кей мәліметтерге қарағанда әр баржада 15 мың баррель мұнай болған көрінеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды