|
Ангела Меркель Рамазан айының құрметіне Германиядағы мұсылман кәсіпкерлерді салықтан босатты
|
Қасиетті Рамазан айын әр елдің билігі әрқалай қарсы алады. Жазасын өтеп жатқандарға рақымшылық жасалады, жұмыс күнін қысқартады, т.б. Христиан елі мұсылман елдерінің билігіне үлгі болатын әрекетке барып отыр. Германия канцлері Ангела Меркель ел аумағындағы мұсылман кәсіпкерлерді, яғни, шариғат талаптарына сай азық-түлік нарығы мен халал мейрамханалардың қожайынын табыс салығынан босатты. Мақсаты елдегі ауыз бекіткен мұсылмандар тұтынатын шариғи азықтың қымбаттап кетуіне жол бермеуге саяды. Германия басшысы мұндай жеңілдікті 2016 жылдан бері қолданысқа енгізіп келе жатыр. Яғни, игі істі дәстүрге айналдырған. Бұл жайында бірнеше бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды
■
Даулы сот ісі: суррогат ана болу Конституцияға қайшы (видео)