Араб елі биыл құрмадан мол өнім алады
Араб елі биыл құрмадан мол өнім алады
1 ай бұрын 597 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Марокко биыл ауыл шаруашылық өнімдері, соның ішінде құрма өндірісі бойынша бұрын-соңды болмаған мол қнім алайын деп отыр – 160 000 тонна. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған араб елінің ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және ауылдық жерлерді дамыты, су және орман ресурстары жөніндегі министрлік келтірген мәліметкен жөн сілтеген Yabiladi дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мароккода қазан айының 29-ы мен қарашаның 2-і к.дері аралығында өтетін, 90 мың мейман келетін 14-ші халықаралық құрма көрмесінде (SIDATTES 2025) Марокконың айнадырған бір жыл ішінде құрма өндірісін 55%-ға арттырғаны айтылды. Құрма жері шөл және шөлейтті болып келетін араб даласында экологиялық маңызы зор өсімдік – жергілікті биологиялық әр алуандылықты сақтап, қу тақыр шөлге айналуына жол бермейді. «Марокконың жасыл жоспары» және «Жасыл ұрпақ 2020-2030» стратегиясы аясындағы күш-жігердің арқасында ұлттық құрма өндірісі 77% -ға ұлғайып, 2008 жылғы 90 400 тоннадан 2025 жылы 160 000 тоннаға дейін өсті, бұл көрсеткіш немесе факті соңғы жылдардағы климат дағдарысы мен су ресурсының тапшылығына қарамастан бұл саланың өркендеп келе жатқанын растайды. Араб елдері ауыл шаруашылығын дамыту әрі шөлге айналдырмау үшін фермерлердің көмегімен ел аумағында оазистік аймақтарды құруға ерекше мән беріп отыр. Құрма ағаштарын өсіру индустриясы жыл сайын экономикаға 2 миллиард дирхамға дейін айналым әкеледі және шамамен 2 миллион адамға тікелей немесе жанама өмір сүруге қаражат бере отырып, шамамен 3,6 миллион жұмыс күнін қамтамасыз етеді. Ол, сондай-ақ, халықаралық деңгейде танылған көне білім мен мәдени мұраны сақтауда маңызды рөл атқарады.

0 пікір
Мұрағат