|
Араб елі экологияға тиімді жолмен жаңбыр жаудыру технологиясын қолдана бастады
|
Біріккен Араб Әмірлігі жауын-шашынды жасанды жолмен жаудыру саласындағы өз технологиялық жетістігін паш етті. Бұл жайында islam.kz порталы ArabianBusiness ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Біріккен Араб Әмірліктерінің жаңбыр сапасын жақсарту ғылымы жөніндегі зерттеу бағдарламасы (UAEREP) Rain Enhancement Hub вебинарлар сериясының соңғы сессиясы барысында экологиялық тұрғыдан қауіпсіз бұлтты қалыптастыру саласындағы әлемдік жетістіктерді жария етті. Басты назар жаңбыр тудыру технологиялары саласындағы Королдік зерттеулер мен әзірлемелер бөлімінен тай ғалымы Сирипена Сомруеннің басшылығымен жүргізілген зерттеуге аударылды. Сирипена Сомруен бұлтты қалыптастыру кезінде осы уақытқа дейін пайдаланылып келе жатқан күміс йодидіне табиғи баламаларды зерттеуді ұсынды. Оның зерттеулері күшті мұз түзу қабілеті бар экологиялық таза заттарға шоғырланған. Бұл материалдар метеорологиялық өзгерістердің неғұрлым тұрақты әдістерін қолдауға және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге арналған. Соңғы жылдары БАӘ су ресурстарына тәуелділікті азайту және қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жауын-шашынды арттыру мүмкіндіктерін кеңейту тәсілдерін жатпай-тұрмай іздеуде. Ұлттық метеорология орталығының бас директоры және Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның президенті Абдулла әл Мандус ұзақ мерзімді су қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін жауын-шашын мөлшерін ұлғайтудың жаңа әдістерін дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ол мұндай бастамалар осы салада білім мен ғылыми зерттеулер алмасу үшін тұғырнама құруға көмектесетінін атап өтті. Осынау бағдарлама шеңберінде жаңа материалдар жасау жөніндегі зерттеулер жалғасуда, олардың арасында нанотехнологиялар ерекше орын алады. Мысалы, австралиялық профессор Линда Зу бастаған ғалымдар операциялық мақсатта пайдаланылатын және әртүрлі атмосфералық жағдайларда жоғары тиімділікті көрсететін NaCl-TiO2 негізінде экологиялық таза материалдар әзірледі.