Араб елі қандай салаларға шетелдік инвестицияның ағылып келіп жатқанын хабарлады
Араб елі қандай салаларға шетелдік инвестицияның ағылып келіп жатқанын хабарлады
37 минут бұрын 23 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен араб әмірлігі шетелдік инвесторлардың қайда инвестиция салатынын атады: автокөлік өндірісі, жасанды зерде инфрақұрылымы, жылжымайтын мүлік және логистика инвестиция үшін ірі бағыттарға айналған. Бұл жайында islam.kz порталы Arabian Business ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша аталған араб елі ел төртінші жыл қатарынан шетелдік тікелей инвестициялардың рекордтық ағынын тіркеді. БАӘ инвестициялар министрі Мұхаммед Хасан әл Субайди жариялаған жаңа деректер инвестициялардың 2031 жылғы ұлттық инвестициялық стратегияда басты рөл атқаратын салаларға баса назар аудара отырып, негізгі секторларға қалай бағытталатынын көрсетеді. Министрдің мәліметінше, автокөлік өндірісі 2025 жылы тікелей шетелдік инвестицияларды тартатын секторлар арасында күрделі салымдар мөлшері бойынша бірінші орынды иеленді. Аталған сектор жаңа инвестицияларға арналған барлық күрделі шығындардың 30 пайыздан астамын қамтамасыз еткен.

БАӘ-нің инвестициялық стратегиясы

Коммуникация секторы жаңа салаларға салынатын күрделі салымдардың 29 пайызын құрай отырып, екінші орынды иеленді. Министр осы сектордағы өрлеуді дата-орталықтарға және жасанды зерде инфрақұрылымына инвестицияларына негізделгенін атап өтті. Біріккен Араб Әмірліктері қазір бұлтты есептеудің әлемдегі ең ірі үш жеткізушісі құрған бұлтты өңірлердің орталығына. Бұл ретте дата-орталықтардың базасы 250 мегаваттан асады, ал тағы 500 мегаватт әзірлену үстінде. Министр жасанды зерде технологиясы 2030 жылға таман БАӘ жалпы ішкі өнімінің шамамен 14 пайызына жететінін мәлімдеді. Осылайша БАӘ Таяу Шығыстағы ең ірі аймақтық технология хабына айналады. 2025 жылы жылжымайтын мүлік секторы жаңа капитал салымдарында 1,9 млрд долларды құрады, яғни, бұл көрсеткіш жылдық өсімнің 71 пайызын құрайды. Көлік және сақтау жаңа капитал салымдары бойынша төртінші орынды иеленді, бұл деңгей БАӘ-нің жаһандық логистикалық және сауда орталығы ретіндегі позициясын нығайтады. Министр тікелей тартылған шетелдік инвестиция мөлшері 2025 жылы рекордтық деңгейге - 48,3 млрд долларға жеткенін хабарлады. БАӘ төртінші жыл қатарынан тікелей шетел инвестициясын тартуда рекорд орнатумен келеді. Тікелей шетелдік инвестиция бағыттары арасында БАӘ әлемде тоғызыншы орынға көтерілді. БАӘ тікелей шетелдік инвестиция қорларын 2031 жылға қарай 2,2 триллион дирхамға (600 млрд доллар) дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Бұдан бөлек, БАӘ тек инвестиция тартып қана қоймай, сонымен қатар, өзге елдерге инвестиция құюда да алдыңғы қатардан көрініп отыр. 

0 пікір
Мұрағат