Иран АҚШ-қа қысым көрсету стратегиясын өзгертеді
Иран АҚШ-қа қысым көрсету стратегиясын өзгертеді
35 минут бұрын 21 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Stringer / Reuters

Иран билігі Америка құрама штаттарының үстемдігін тікелей әскери қақтығыс есебінен емес, халықаралық сауда-саттыққа, су жолдарына, кеме қатынасына, Таяу Шығыс аймағындағы энергетикалық инфрақұрылымға тұрақты қауіп-қатер төндіру арқылы қысымды күшейтпек. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Парсы шығанағы елінің ресми тұлғалары мен сарапшыларының талдауына жөн сілтеген Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша Теһран Уашингтон мен оның одақтастарның Иранды тежеу саясатының қымбат жобаға айналдырмақ, яғни, барынша шығыны көп саясатқа айналдыруға күш салады. “Иранның басты артықшылығы - АҚШ-қа немесе Израилге айтарлықтай зиян келтіруінде емес, өңір мемлекеттері мен әлемдік экономикаға зиян келтіре алатындығында», - деп мәлімдеді Уашингтон институтының сарапшысы Майкл Найтс.

0 пікір
Мұрағат