|
Араб елі ширек ғасырда электр энергиясының көп бөлігін жаңғыртпалы энергия көздерінен өндіруді көздеп отыр
|
Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) мәліметіне сәйкес Марокко 2030 жылға қарай өзінің энергетикалық теңгеріміндегі жаңартылатын энергия үлесін 52% -ға дейін арттыруды мақсат етіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш агенттік Марокконы бұл тарапта жаңғыртпалы көздерді ұлғайтуға ұмтылатын Оңтүстік Африка, ұзақ мерзімді энергетикалық саясаты бар Кения, гидроэнергетикаға баса назар аударатын Эфиопия және Гана сияқты елдермен қатар қойып отыр. Сенегал мен Нигерия да өздерінің электрмен жабдықтау жөніндегі ұлттық жоспарында жаңартылатын энергия көздерінің рөлін арттыруға ұмтылуда. ХЭА Марокконың мақсаты энергетикалық жүйені трансформациялауға саятынын алға тарта келе бүкіл Африка құрлығында жаңғыртпалы энергия көздерін дамыту жоспары мен бұл салаға инвестиция тарту арасында үлкен алшақтық бар екенін ескертті. Агенттік электр энергиясын өндіру және беру желілерін бір мезгілде жаңғырту кезінде электр энергиясына қол жеткізу мүмкіндігін кеңейту халық санының көбеюіне және энергияға сұраныстың өсуіне байланысты өзекті мәселеге айналғанын атап өтті. Африканың ықтимал қажеттілігін қанағаттандыру немесе қамтамасыз ету үшін 2035 жылға дейін жыл сайын шамамен 24 гигаватты құрайтын жаңа электр қуатын талап етіледі, бұл ретте бұл қуаттың 70% -дан астамы жаңартылатын көздерден алынады. Құрлық бойынша 2035 жылға дейін жыл сайын 190 000 шақырымға жуық электр желісін тарту қажеттілігі пайда болды. .