Араб елі волонтерлерге «Алтын виза» береді
Араб елі волонтерлерге «Алтын виза» береді
14 күн бұрын 336 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігіндегі волонтерлік қызмет әлемнің әр түкпірінен, әсіресе, жастардың назарын өзіне аударып келеді. Аталған араб елінде волнтер болғысы келетіндерге арналған бірнеше бағдарлама жұмыс істейді. Бұдан бөлек, волонтер болған адам сол елдің «Алтын визасына» ие болуға мүмкіндік береді. Аталмыш виза белгілі бір талаптарды сақтай отырып, он жыл бойы сол елде тұруға мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. БАӘ-нің адамның жеке басын анықтау, азаматтық, кеден және порт қауіпсіздігі жөніндегі федералдық басқармасының (ICP) мәліметі бойынша, егер адам келесі санаттардың біріне жататын болса, виза алуға құқылы: Халықаралық және аймақтық ұйымдардың мүшелері немесе белгілі қызметкерлері - кемінде 5 жыл өтілі болуы тиіс, қоғамдық бірлестіктер мен мекемелердің мүшелері - кемінде 5 жыл өтілі болуы тиіс. Сонымен қатар, гуманитарлық жұмыстарға маманданған жергілікті, аймақтық немесе халықаралық мекемелердің бірінің мақтау қағаздарының иегерлері мұндай визаға өтініш бере алады; кемінде 5 жыл немесе 500 сағат волонтерлік жұмыс кезеңінде гуманитарлық көмек саласы бойынша ерекше көзге түскендер; гуманитарлық қызметке кемінде 2 миллион дирхам немесе осындай сомаға қаржылық инвестиция салған адамдар өтініш бере алады.

Волонтерлік іс-шараларға қатысу үшін өтініш беруге болатын негізгі платформалар:

Volunteers.ae - жеке тұлғалар, командалар немесе компаниялар тіркеле алатын ұлттық платформа

БАӘ Қызыл Жарты Ай басқармасы Халықаралық Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест федерациясының мүшесі. Волонтерлер Emirates Red Crescent веб-сайтында тіркеле алады - https://www.emiratesrc.ae/.

Сонымен қатар, NCEMA бастаған Ұлттық төтенше жағдайлар және дағдарыс волонтерлерінің бағдарламасы бар - https://www.ncema.gov.ae/en/home.aspx.

Дубай волонтерлік орталығы БАӘ-де волонтерлік қызметті ұйымдастыратын Дубай үкіметінің ресми органы - https://www.cda.gov.ae/DubaiVolunteer/

Шарждағы ең ірі волонтерлік желісі - https://sssd-volunteer.shj.ae/register веб-сайтында тіркеле алады.

Dubai Cares – Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық коммуникациялар департаментімен ресми түрде байланысқан қоғамдық ұйым – https://www.dubaicares.ae/.

Әлеуметтік үлес кеңсесі - Әбу-Дабидегі волонтерлік қауымдастығын дамытуға ұмтылатын ұйым - https://maan.gov.ae/en/

0 пікір
Мұрағат