Жер астындағы энергия қоймасы Финляндия қаласын бір жыл бойы жылытуы мүмкін (видео)
Жер астындағы энергия қоймасы Финляндия қаласын бір жыл бойы жылытуы мүмкін (видео)
14 күн бұрын 597 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Финляндияның Vantaan Energia компаниясы жаңа ірі энергия сақтау қоймасының құрылысы туралы хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы techcult  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірегей жоба елдегі халқының саны бойынша төртінші орында тұрған Вантаа қаласының қажеттіліктеріне арналған. Мұнда жылу энергиясы ғимараттарды жылыту үшін белсенді түрде пайдаланылады, енді ғалымдар оны жыл бойы сақтау әдісін ойлап тапты. Финляндия халық санына шаққанда орталықтандырылған жылуды пайдалану бойынша әлемде бірінші орында тұрған мемлекет. Өткен жылы аталған елде сағатына 37,3 ТВт өндірілсе, оның 14 пайызы өнеркәсіптік нысандардың қалдық жылуы болды. Қазірдің өзінде энергияның жартысына жуығы жаңғыртпалы энергия көздерінен келеді, сондықтан бұл байлықты қалай және қайда сақтау өзекті мәселеге айналған. Vantaan Energia жобасы жалпы көлемі 1 миллион текше метрді құрайтын үш жасанды үңгірлерді құрудан тұрады.Үңгірлер жартастан ойылып жасалған және ұзындығы - 300 м, көлденеңі 20 метр. Тереңдігі 100-ден 140 м-ге дейін жетеді, үңгірлер тығыздалған және Целсия бойынша 140 ° C температурада; қысыммен қатты қызған буды сонда сақтауға мүмкіндік береді. Сақтау орны арзан энергия кезеңінде 60 МВт электр қазандықтарының көмегімен толтырылады, оның жалпы жылу қуаты 90 ГВт құрайды. Толық толтырылған қойма қаланы жыл бойы энергиямен қамтамасыз етуі тиіс. Негізгі құрылымдардың құрылысын 2028 жылға дейін аяқтау жоспарлануда, бүкіл жоба 200 миллион долларды құрайды. Осы мақсатта Фин билігі қазірдің өзінде 19 миллион доллар грант бөлген.

0 пікір
Мұрағат