|
Арабтар қан тапшылығын донорлардың көмегімен шешіп келеді
|
Катар билігінің келтірген дерегіне қарағанда, қасиетті Рамазан айында жергілікті мұсылмандар тек қайыр-садақа берумен шектелмей, соымен қатар, айрықша қайырымдылық шарасына қатысуды әдетке айналдырып келеді. Жылдан жылға аталған араб елінде қан тапсыратындар қарасы тоқтаусыз өсіп келеді. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы жыл сайынғы қан тапсыру науқаны елде қан тапшылығын еңсеруге көмектеседі. Хамад корпорациясының трансфузиялық медицинасы бойынша кеңесшісі Сара Әділ Сәлім қанмен қамтамасыз ету көрсеткіші бірнеше жыл қатарынан 100 пайыздан төмен түспегенін атап өтті. Осылайша, аталған араб елінің тұрғындары арасында донор мәдениеті қалыптасып келе жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады