Армян блогері нейрожелімен «сырласып» исламды қабылдады (видео)
Армян блогері нейрожелімен «сырласып» исламды қабылдады (видео)
10 ай бұрын 1726 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Арут (Арутюн) Назарян есімді кәсіпкер әрі блогер өзінің исламды қабылдағынын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соңғы жылдары ол отбасымен бірге Біріккен Араб Әмірлігінде тұрып жатыр. Екі баланың әкесі осы араб елінде хақ жолға түскен екен. Ол кешкісін шаршап келгенде ақшам намазы кезі-тұғын... көлігін тұраққа қойып, намазға құлақ түреді... Ертеңіне досына мешітке ертіп апаруын сұрап, қолқа салады. Алайда, досы келе алмаған. Несіне кейінгі шегеремін, деген оймен мешітке келіп, имамға жолығып, исламды қабылдауына көмектесуін сұраған. Тілін кәліимаға келтіріп, мұсылман атанды. Ол бұл қадамын өмірінің маңызды шешімі, деп санайды және дұрыс шешім қабылдағанын нық сеніммен айтты. Осыдан бір ай бұрын ол Инстаграм әлеуметтік желісінде жаһандық Chat GPT нейрожелісіне: «Қалай өмір сүрейін? Құдайға сенуім керек пе әлде атеист, бәлкім, агностик болуым керек пе? Мақсатқа сай толыққанды сезіммен қалай өмір сүруге болады?» өзін толғандырған сауалын қойғанын жүктеген екен. «Егер жауаптың біреуін таңдау керек болса, ислам арқылы құдайға сеніңіз, деп айтар едім, деп жауап берген екен нейрожелі. – Ислам өмірдің нақты түсінігін ұсынады. Терең рухани байлықты ұсынады. Белгілі бір мақсат сезімін ұсынады. Ішкі әлеміңізбен және мағынаға толы өмір сүруге көмектеседі. Ислам қағидаларын орындау сөзіңіз бен ісіңізді анық етеді, басшылыққа алатыныңызды белгілеп береді...»

0 пікір
Мұрағат