|
Ассам мұсылмандарынан да маза қашты
|
Елімізге белгілі «Ассам» шайы өндірілетін Үндістанның Ассам штатындағы мұсылмандардан маза қашты. Белгісіз біреулер төрт бірдей мұсылманды жұма күні ұрлап әкетіп, өлтіріп кеткен. Марқұм мұсылмандардың сау тамтығы қалмаған сүйегі тек жексенбіде ғана Беки өзені жағасынан табылған болатын. Осыған ашынған жергілікті мұсылмандар комендаттық сағат енгізілгеніне қарамастан наразылық білдіріп, көшеге шықты. Бір айта кетерлігі, Ассам штатында мұсылмандар жиі жәбір көреді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандықтарға шетелде қиын жағдайға тап болған кезде кім көмектеседі
■
Азия елі сумен жұмыс істейтін батарея шығара бастады
■
Ғалымдар обырмен күресу үшін иммундық жасушаны қолдан өсірудің жолын тапты
■
Қытай шөлейттенуге қарсы биотехнологияны қолданады
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады