|
Атеистік жазбалары үшін 2000 дүре соғылып, 10 жылға абақтыға жабылды
|
Сауд Арабиясының соты 28 жасар жігітті Твиттер желісіндегі атеистік жазбалары үшін 10 жыл абақтыға жабу туралы шешім шығарды.
Корольдік аумағындағы азаматтардың әлеуметтік желідегі «тәртібін» мемлекеттің діни полициясы бақылайды. Дәл осы діни полиция қызметкерлері бұл жігіттің ұзақ уақыт бойы өзінің атеистік көзқарасын ашық айтып келгенін әшкерелеген. Ол, сондай-ақ, Алла Тағаланың бар екеніне жоққа шығарып, Қасиетті Құран кітабын келекеге айналдырған.
Бұл әрекеттері үшін оны 10 жылға бас бостандығынан айырудан бөлек, 5 мың доллар көлемінде ірі айыппұл салынып, 2000 дүре соғуға шешім шығарылған. Айыпкер өз көзқарасын ашық білдіруге құқығы бар екенін мәлімдеп, өзіне тағылған айыптауларға келіспейтінін айтады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды