|
Ауғандардың жартысынан астамы кедейлік қамытын киген
|
Ауғанстанның статистика және ақпарат жөніндегі ұлттық басқармасы ел тұрғындарының әл-ауқаты мен тұрмыс деңгейі туралы баяндаманы жариялады. Бұл баяндама ЮНИСЕФ-тің және әлемге әйгілі Оксфорд университетінің қолдауымен жүргізілген зерттеу нәтижесі негізінде жасалған. Медициналық қызмет пен білім алу мүмкіндігі, табыс деңгейі, қауіпсіздігі және өмір сүру сапасы ескерілген арнайы зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, ауған халқының жартысынан астамы, яғни, 51,7%-ы көп қырлы кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр. Ауған кедейлерінің 60%-ға жуығы балалар. Кедейліктан зардап шегетіндердің дені (61,1%! ауылдық жерлерде тұрады. Ал қалалық жерлерде бұл көрсеткіш ел тұрғындарының санына шаққанда 18,1%.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті