|
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты
|
Азиядағы ең қымбат компания саналатын әрі әлемдегі жасанды зердеге арналған чиптер өндіретін ең ірі Taiwan Semiconductor Manufacturing Co. (TSMC) компаниясының табысы өткен жылдың ІҮ тоқсанында 35 пайызға артқан. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2025 жылдың соңғы үш айындағы аталмыш компанияның таза пайдасы 505,7 миллиард тайуан долларына (16 миллиард АҚШ доллары) дейін өсіп, рекорд орнатты. TSMC мәліметінше, 2026 жылдың І тоқсанындағы түсім өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға өсіп, 35,8 миллиард АҚШ долларын құрауы мүмкін. Америка құрама штаттарының сауда министрі Говард Лютниктің айтуынша, TSMC АҚШ экономикасына инвестицияны арттыруды жоспарлап отыр. Ақ үй тарифтерді 20 пайыздан 15 пайызға дейін төмендету туралы Тайуанмен сауда келісімін жасасуға жақын деген дерек бар, алайда, TSMC Аризонада кем дегенде бес жаңа кәсіпорын салуды талап етеді. 2025 жылғы III тоқсанда TSMC-тің сату деңгейі 30 пайызға өсті. Себебі, америкалық ірі технологиялық компаниялар жасанды зерде технологиясын дамытуға миллиардтаған қаржы құйып жатыр. Нәтижесінде қыркүйекте аяқталған үш айлық кезеңдегі TSMC кірісі 32,5 миллиард долларды құрады.