|
Будда ілімін меңгерген монах роботтар құрастырылды (видео)
|
Жапонияның Киот университетіне қарасты болашақ адамзат қоғамы институтының ғалымдары Будда ілімі негізінде рухани тәлім беретін адам тәрізді Buddharoid роботын құрастырған. Бұл жайында islam.kz порталы күншығыс елінің Mainichi Shimbun мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сейжы Құмаға есімді ғалым жетекшілік еткен топ буддалық классикалық мәтіндерге оқытылған Buddhabot Plus AI-моделін адымдаушы андроидке біріктірді. Жобаның мақсаты - діни қызметшілер тапшы пұтханаларға көмектесу, сондай-ақ, Будда ілімін қазіргі қоғамға жеткізуге саяды. Жапон ғалымдарының осы табы таяуда ғана «Катехизис ботын» - протестанттық катехизисті зерделейтін жасанды зерде ассистентін әзірлеген болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады