|
Бағдадта үш теракт салдарынан 100-ге жуық адам қаза тапты
|
Ирак астанасы Бағдадта 3 бірдей теракт болды. Салдарынан 100-ге жуық адам қаза тауып, ондаған тұрғын түрлі деңгейдегі жарақаттар алды. Алғашқы шабуыл қаланың негізінен шиіттер тұратын ауданындағы базар маңында жасалды. Көлік ішінде отырған жанкешті жарылғыш затты іске қосып, 60-тан астам адамның өліміне себепкер болды. Бірнеше сағаттан кейін шаһардың шиіттер өмір сүретін тағы бір ауданында бомба қойылған көлік жарылды. «Әл-Арабия» телеарнасы таратқан ақпарат бойынша, теракт салдарынан 15 адам көз жұмған. Ал үшінші жарылыс Бағдадтың сүнниттер тұратын бөлігінде болып, тағы 7 адамның өмірін қиды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, лаңкестік әрекеттерден зардап шеккендердің саны артуы мүмкін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды