|
Балаларының бір "қылығы" үшін ата-анасына айыппұл салу жазасын енгізуді ұсынды
|
Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы баласы булллингке барған ата-анаға айыппұл салуды ұсынды. Дәлірегі, «Парламент газеті» мерзімді басылымында жасөспірімдердің агрессиясын бәсеңдету туралы заң жобасының алдын ала нұсқасының авторы, мемлекеттік думаның жастар саясаты жөніндегі комитетінің жетекшісі Артем Метелев осындай бастама көтерді. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта буллинг терминіне нақты құқықтық анықтама берілуі тиіс. Соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде жиі айтылатын буллинг ұғымына қандай да бір тұлғаны немесе оқушыны көзге шыққан сүйелдей сүйкімсіз етіп көрсету, ұдайы зорлық-зомбылық көрсету секілді әрекеттерді жатқызуға болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді