Саудия Әзірбайжанға соғыстан кейінгі жасырын қауіптің бетін қайтаруға көмектесетін болды
Саудия Әзірбайжанға соғыстан кейінгі жасырын қауіптің бетін қайтаруға көмектесетін болды
4 ай бұрын 554 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясы Әзірбайжанға Қарабақ таулы өлкесін минадан түгел тазартуға көмек көрсетеді. Бұл жайында islam.kz порталы Trend.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, саудиялық тарап әзірбайжандарға әрмен сепаратистерінен азат етілген аталған аймақтағы миналарды зарарсыздандыруға қомақты қаражат бөледі. Әзірбайжан Қарабақты азат еткен кезден бері минадан тазартып келеді. Әзірбайжан билігі өлкені жарылғыш заттардан тазартуға 25 млрд доллар қаржы әрі табаны күректей 30 жыл уақыт кететінін мәлімдеген еді. Осы орайда  «Бейбітшілік тамыры» деп аталатын халықаралық гуманитарлық ұйымының негізін қалаушы және жетекшісі Хайди Кун Баку қаласында 2020 жылы өткен «Мина соғысы – тұрақты даму жолы» атты халықаралық конференцияға қатысушыларға арнаған бейне үндеуінде Әзірбайжан аумағында шамамен 1 млн-дай мина мен жарылғыш заттардың әлі залалсыздандырылмағанын тілге тиек еткенін айта кетпекпіз. «Бүгінде 60-қа жуық ел 100 миллионға жуық минамен және жарылмаған снарядтармен «ластанған». Әзірбайжан да сол елдердің бірі», деді ол.

0 пікір
Мұрағат