|
Баланы ит секілді қыдыртып жүр (видео)
|
Ресейдің Екатеринбург қаласындағы "Зеленая Роща" саябағында әйел адам балаға қарғыбау тағып, ит секілді қыдыртып жүр. Осы көріністі таспаға тартып алып, ғаламторға жүктеген куәгердің сөзіне қарағанда, бала төрт аяқтап жүрген. Қарғыбауынан ұстаған адам оның соңынан әзер ілесіп келеді. Яғни, бала төрт аяқтап жүрсе де жылдам жүрген.Бұған қоса, өзге балалар оны қолдан тамақтандырған. Бұл жайында е1.ru ақпарат көзі хабар таратты. Қазіргі уақытта Свердлов облысының қалалық ішкі істер басқармасының кәмелет жасына толмағандар жөніндегі қызметі бұл видеожазбаны тексеруде. Полиция әйел мен қарғыбаудағы баланың кім екенін анықтауда.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады