Дәрігерлер күніне 6 рет селфи жасап, желіге жүктейтін адамдарды емдеу керектігін айтты
Дәрігерлер күніне 6 рет селфи жасап, желіге жүктейтін адамдарды емдеу керектігін айтты
9 жыл бұрын 4007

 «Селфимания» – психикалық ауытқулар мен неврозға байланысты емделуді қажет ететін тәуелділік.Өңірдің медицина ұйымдарының мамандары әзірге Павлодар облысында селфи синдромын тіркемеген, деп хабарлайдыpavlodarnews.kz.

 

Бұл туралы агенттіктің жолдаған ресми сауалына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айдар Сейітқазинов мәлім етті.

“Өзін-өзі фотоға түсіруге әуестіктің үш кезеңі бар. Біріншісі – селфи құмарлар күніне үш рет селфи жасағанмен әлеуметтік желілерге суреттерін салмайды. Десе де тәулігіне үш селфи жасау адамның психологиялық жағдайына алаңдаушылық тудыруға себеп болуы мүмкін. Екінші кезеңде үш рет селфи жасалып, суреттер әлеуметтік желілерге жүктеледі. Мұндай жағдайда невроздан емделуге кеңес беріледі”, – дейді Сейітқазинов.

Басқарма басшысының орынбасары ұсынған ақпаратқа сүйенсек, адам күніне алтыдан астам суретін әлеуметтік желілерге сала бастайтын болса, алаңдауға толық негіз бар.

Яғни, бұл жағдайда селфиманияның үшінші – созылмалы кезеңін байқауға болады. Демек, әлемді жаулап алған бұл үрдіс есірткі мен алкогольден тәуелділік тәрізді емделуді талап етеді.

2 пікір
Мұрағат