Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
1 сағат бұрын 36 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Club of Mozambique

Мозамбиктің бір палаталы парламенті – республика ассамблеясының жетекшісі Маргарида Талапа аталған елдің ислам кеңесінің өкілдерімен кездесті. Бұл жайында islam.kz порталы Club of Mosambique ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Африка құрлығының оңтүстік-шығысында орын тепкен елдің заң шығару органының жетекшісі жергілікті мұсылман қайраткерлерімен кездесуінде шариғат шәлісін тағатын әйелдердің төлқұжат пен өзге де ресми құжаттарға басындағы орамалымен суретке түсуге рұқсат беру мәселесін талқылады. Ислам кеңесінің директор орынбасары Надима Атумане: Біздің басты өтінішіміз - ID-картасында хижабпен суретке түсуге рұқсат алу. Бұл біздің табиғи қалауымыз, өйткені, хижаб сән үлгісі емес немесе әйелдерді мәжбүрлейтін нәрсе емес, бұл – біздің таңдауымыз әрі біздің табиғи болмысымыздың ажырамас бөлігі» деп мәлімдеді. Республика ассамблеясының жетекшісі Маргарида Талапа бұл бастаманы парламент қарауына енгізетініне уәде берді.

0 пікір
Мұрағат