Араб елі ислам қаржы мамандарын даярлайтын бағдарламаны іске қосты
Араб елі ислам қаржы мамандарын даярлайтын бағдарламаны іске қосты
1 сағат бұрын 46 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Алжир билігі 2026-2027 оқу жылында ислам қаржы нарықтарына маманданған алғашқы кәсіби магистрлік бағдарламасын іске қосты. Бұл жайында islam.kz порталы islamicfinancedaily.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алжир билігінің мұндай қадамға баруына ислам қаржысының әлеуеті мен мүмкіндіктерінің кеңеюіне және ислам қаржысының арнайы мамандарына деген сұраныстың артқаны себеп болып отыр. Бұдан бөлек, мұсылман елі бола тұра жаһандық ислам қаржы индустриясындағы үлесін арттыруға ден қойып отыр. Осыған байланысты Алжирдегі аталмыш бағдарлама бойынша білікті мамандарды даярлайтын 60 орын ұсынылады. Бір оқу жылына. 

0 пікір
Мұрағат