Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді
33 минут бұрын 21 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Руанд қор биржасы (RSE) шариғатқа сәйкес келетін қаржы өнімдері үшін листинг пен сауданың арнайы ережелерін енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы islamicfinancemagazine.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл шара елге өсіп келе жатқан әлемдік исламдық қаржы индустриясынан инвестициялар тартуға мүмкіндік береді. Мұндай құрылым өз кезегінде RSE-ді Шығыс Африкадағы, Орталық және Оңтүстік Африкадағы шариғатқа сәйкес келетін инвестициялық көзді іздейтін бизнес пен инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер аша отырып, исламдық қаржы құралдары үшін арнайы операциялық ережелерді енгізетін аалғашқы бағалы қағаздар биржасына айналдырады. Бұл тараптағы бастама Руанданың өз капитал нарықтарын әртараптандыру және халықаралық қаржы орталығына айналу ұмтылысын білдіреді. Жаңа құрылым ислам қаржысының маңызды құралдарының бірі - Sukuk сияқты шариғи тұрғыдан құрылымдалған құралдарға, сондай-ақ, шариғатқа сәйкес келетін акцияларға және капитал нарығының басқа да өнімдеріне мүдделілік танытқан инвесторлар үшін үлкен мүмкіндік тудырады. Руанда капитал нарығы басқармасының бас директоры Ромео Нгарамбе елдің қаржы нарықтарын жаңғыртуға әрі әртараптандыруға бағытталған бастамаларды қолдайтынын растады. Аталған ережені енгізу шарасы өз кезегінде ислам банктерінің, институциялық инвесторлардың және Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастық кеңесінің өңірі және Малайзия сияқты нарықтардағы егеменді қорлардың инвестициялары үшін есік аша отырып, руандалық компанияларды қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтуі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат