|
Баланы қараусыз қалдырғандар 10 жылға бас бостандығынан айырылады
|
Қараусыз қалдырғандықтан көктей солып, көз жұмған жағдайда немесе баланың денсаулығына қатер төнген жағдайда ата-анасына бір млн дирхамға дейін (272,25 мың доллар шамасында) айыппұл салынады немесе кем дегенде 10 жылға бас бостандығынан айырылады. Әсіресе, бұл талап баласын автокөліктің ішіне қамап кететін ата-аналарға қатысты. Біріккен Араб Әмірлігіндегі бұл шара балалар құқығын қорғау бағытында жасалған маңызды қадам болмақ. Аталған елдің бала құқығын қорғау үшін мұндай қатаң шараға баруына таяуда орын алған қасіретті жағдай түрткі болып отыр. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, 2019 жылдың маусым айының 15-і күні алты жастағы баланың Quran Memorization Centers ұйымына тиесілі автобуста қалып қойғаннан көктей солғаны себеп болған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандағы жасанды жаңбыр ойлағандай болмай шықты
■
Ғалымдар сілекей арқылы тісті қалпына келтіру жолын тапты
■
Еуропа елінде алғаш рет шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін студенттер жатақанасы ашылды
■
Биыл екі мұсылман елі арасындағы халал сауда деңгейі 29 млрд доллардан асады
■
Түркі елі халал стандартының бірыңғай тәртібін бекітеді