«Батыстың шіруі» (видео)
«Батыстың шіруі»  (видео)
9 жыл бұрын 3462

Google компаниясы жасаған жасанды интеллект «Deep Dream» нейрондық желі 1998 жылы түсірілген «Лас-Вегастегі үрей мен жек көру» фильміне видеоролик дайындапты.

Басында нейрондық желі суреттердегі қандай да бір объектілерді, мысалға итті, мысықты тану үшін жасалған болатын. Бұл жағдайға жүйенің адамдардың келбетінен әртүрлі жануарлардың бейнесін көруі себеп болған. Нәтижесінде суреттің төселуі фильмнің сюжетімен үйлесетін галлюциногенді картина болып шыға келді.

Бұрындары Google суретті сипаттау мен тануға арналған нейрондық жүйені тексеруден өткізген болатын. Бұл олар құрған жүйенің қалай «ойлауы» туралы білгісі келген еді. Жүйені жасаған топ сұраған бейнесін жасап беруді бұл жүйеден «талап етті». Белгілі болғандай, қолдан жасалған бұл жүйе қоршаған ортаны құбыжық етіп көрсететіндігін дәлелдеп отыр. Видеодан көргеннен кейін өздеріңіз де куә боласыздар.

4 пікір
Мұрағат