|
Бір апта ішінде Пайғамбар (ﷺ) мешітіне 5 млн-нан аса адам келген
|
Сауд Арабиясы билігінің мәліметінше, өткен аптада Пайғамбар (ﷺ) мешітіне бес миллионнан астам адам құлшылық еткен. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Пайғамбар (ﷺ) мешітінің істері жөніндегі бас дирекцияның хабарлауынша, өткен аптада Мәдина қаласының қасиетті орнында 5 410 089 намаз оқыған. Мәдина мешітінің жамағаты мен меймандарынан 477 245 мүмін Пайғамбар мен сахабаларының қабірін зиярат етсе, мешіт аумағында орналасқан ар-Рауда мүбәрәк жерінде 230 823 адам намаз оқыды. Өткен аптада Мәдина қонақтарына барлығы 1570 тонна зәмзәм суы таратылса, ораза ұстағандарға 142 352 ауызашар таратылды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр